30.04.2020, 16:04
Оқылды: 134

Татулықты әнге қосқан «Родничок»

Бүгінде қырықтан астам ұлт пен ұлыстың басы қосылған Бәйтерек ауданын Қазақстанның кіші моделі десе де болады. Қазағың мен орысың, украин мен татарың, армян мен әзірбайжаның да бар мұнда.

BC4FB8E2-4DB1-44CD-A150-84D00B0717D9

2013 жылы аудандық Достық үйі жанынан «Родничок» балалар фольклорлық ансамблі құрылды. Аудандағы өнерлі өрендер осында бас қосқан.

7FEEA89B-6E19-48D2-B1AC-87E5ECF6B8A3

-Ансамбльді құрғандағы негізгі мақсатымыз - ауданымызды мекендеген  ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті мен тарихын таныту және этносаралық достықты нығайту. Репертуарымызда әртүрлі ұлттың 40-тан астам әні бар. Бізден тәлім алып жүрген түрлі этностың 30-дан астам баласы бұл әндерді жақсы меңгеруде.  Балалардың өзара татулығы, ізденісі, өнерге деген сүйіспеншілігі болса керек, ансамбліміз облыстық, республикалық байқауларда жетістіктерге жетіп жүр. Сөйтіп, ауданымыздың мерейі үстем болуына өз үлестерін қосуда,-дейді ансамбль жетекшісі Анна Гумарова.

EE07C785-C84D-4868-B862-F9283EC4A79D

9274E349-69E9-49EA-BE76-874C81BFE952
Түгелбай Бисен

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале