24.03.2017, 11:50
Оқылды: 21

Татулықты паш еткен жарқын мереке

Жәнібек ауданы Наурыз мейрамын тойлады. Tusau kesu - JanibekТатулықтары жарасқан көше тұрғындары дастархандарын ұлттық тағамға толтырып, Наурыз көжеден дәм таттырса, бүлдіршіндер арқан тарту жарысына және асық ойынына қызу кіріскен.


 

Ұлыстың ұлы күнінде аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин мерекеге жиналған тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Jarokov koshesi Жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен еңбек ардагері, ақжаулықты әжей Гүлбағида Хайруллина «Бозторғай» әнін әуелетті.

Шара барысында қазақы салт-дәстүрмен тәуелсіз еліміздің төл перзенті Диас Аманғалиевтің тұсауын Нәбира Чурина әжеміз кесіп, қара өлеңге кезек берді. Көшенің жас тұрғындары «Алаш» биін билесе, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Балалар боз кілемде белдесті, қазан асылып, ас даярланды. Ауыздықпен алысқан бозбалалар ұлттық ат спорты ойындарын көрсетуде. Еңбек ардагері, сазгер әрі әнші Уақит Сариев «Наурыз» әнін орындап, көпшілікті бір серпілтті.

Ұлыстың ұлы күнінде шаңырақ көтерген жас жұбайларға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев ақ батасын берді.

                                                                                                  А.Қаршеке

                                                   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале