26.06.2017, 17:39
Оқылды: 46

"Таза орман" акциясы өтті

Akjayik orman  Қазталов ауданында жеріміздің экологиялық аxуалын жақсарту, туған жердің табиғатын аялап ұстау мақсатында өткен "Таза орман" акциясы барысында Сарыөзен бойы мен аудан орталығындағы саябақтар қоқыстардан, ағаштардың айналасы арам шөптерден тазартылды.


   Акцияға аудандағы мекеме, қоғамдық ұйым ұжымдары бір кісідей ат салысты. Сарыөзен бойындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалауда Бірлік ауылдық окруігінің әкімі аппараты мен ауыл тұрғындарының белсенділігі басым болғанын айта кеткеніміз жөн.

  Бұл акция барысында байқағанымыз - Сарыөзен бойында тұрғындар шомылатын және демалатын орындардағы тұрмыстық қалдықтардың көптігі. Аяқ алып жүре алмайсыз десек, артық айтқандық болмас. Осындай демалыс орындарында әрбір адам өзі отырған орнын жинастырып жүрсе, мұндай қалдықтар болмайтыны анық.

         Бұл жағдайды ауданымыздың әрбір азаматы өз қатеріне алса дейміз.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале