5.06.2017, 18:42
Оқылды: 23

«Таза су айдындары» акциясы өтуде

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымы «Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясын өткізіп келеді.


Орман қоры аумағындағы өзен мен ескі арналарды, сағалық учаскелерді құрғақ ағаштардан, сондай-ақ жағалау аймағын тұрмыстық және өзге де қоқыстан арылту, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының бойын тазарту сенбілігі ұйымдастырылды.

- Өзіміздің қызметкерлерімізбен қатар, бұл шараға ауылдық округтерден 285 адам қатысып, 28гектар жерде 316 текшеметір ағаш қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар 20 тонна тұрмыстық қалдық, күл-қоқыс жиналды. Осындай іс алдағы кезде де жалғасады, - дейді Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аңтанушысы Талғат Душаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале