4.08.2017, 11:10
Оқылды: 22

Өзен-көл бойын тазалауға 600-дей тұрғын шықпақ

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Таза жағалау» акциясы өтпек.


Шараға Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарайтын аумақта Ақжайық ауданының 540-тан астам тұрғыны, мекеменің өзінен 58 жұмысшы-қызметкер қатысады.      Жылдағысынша, өзен, көл, су арналарының бойын қалдық-қоқыстан арылтуға барлығы 20-дан астам трактор, тіркеме, жүк көліктері шығарылады.

«Ауылдық округ әкімдерімен тығыз байланыстамыз. Акция ертең сағат 8:30-да басталады. Қатысатындар арасында біздің ардагер орманшылар да аз емес»,-дейді мемлекеттік мекеменің директоры Мәлік Мұхтар.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале