16.01.2019, 12:01
Оқылды: 24

Тегісшілде балабақша салынады

 Жәнібек ауданында балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу деңгейі 99,8 пайыз. Аудан бойынша 9 балабақшаға, 2 мектеп-балабақша кешеніне, 10 шағын орталыққа қабылданған балалардың саны - 787. Тегісшіл елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 балаға арналған балабақша салу қолға алынбақ. Оны салуға жергілікті инвестор ниет білдіріп отыр.

janibek bilim (1)

Жәнібек ауданындағы 10 орта, 2 негізгі, 4 бастауыш мектепте барлығы 2 464 оқушы білім алса, оларға 418 мұғалім білім беруде.

         Ауданда жұмыс жасайтын түрлі үйірмелерге 1 311 оқушы, қосымша білім беру ұйымдарындағы 38 үйірмеде 637 бала қамтылған. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде 2 464 оқушының 1390-ы толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы Т.Жароков атындағы мектепте ІТ-сынып ашылды. Жаңа оқу жылына орай 83 млн. 663 мың 930 теңгеге оқулық сатып алынды. Былтыр оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 3 млн. 782 мың теңге қаржы бөлініп, 2318 оқушы демалысын лагерде өткізді. Он төрт оқушы Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып келді.

А.Байбарақ,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале