23.09.2019, 15:20
Оқылды: 120

Тегісшілде қоғам қайраткері Рахметолла Егізбаевтың 95 жылдығы тойланды

Халық есінде ұзақ сақталар есімнің бірі - абзал азамат, ақын, қоғам қайраткері Рахметолла Егізбаевтың 95 жылдығына орай Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінде мерекелік шара мен дала қызықтары өтті.

tegisshil 95 (2)

Киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылды. Киіз үйлердің бірінде жиналған қауым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен музей жасақтаған көрмені тамашалады.

 Мерекелік думанда сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев Рахметолла Егізбаевтың өмірі мен қызметіне тоқталып, тегісшілдіктерді құттықтады. Сонымен қатар Бөкей Ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ажығалиев барша жиналған қауымға Рахметолла Егізбаев екі ауданға да сыйлы азамат болғанын айтты. Ол аудан әкіміне алғысхат, Тегісшіл мектебіне фотоколлаж тарту етті.

tegisshil 95 (4)

Концерт Р.Егізбаевтың өлеңдерімен басталды. Аудандық «Жәнібек сазы» халықтық фольклорлық ансамблі Есбайдың «Ақ ілме» және Құрманғазының «Адай» күйлерін орындады. Әншілер Ш.Каюпова, Р.Каримов, Қ.Хамидолла, Б.Қарабасова, Е.Ержан, Д.Үмбетәлі әнін айтты.

tegisshil 95 (5)

Шара дала қызықтарына ұласты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан топ бәйге, тай жарыс, аударыспақ сынды ұлттық ойындар, сонымен қатар қазақша күрес пен жанбатуды халық қызыға тамашалады. Бөкей Ордасы мен Қазталов аудандарынан шабандоздар келіп, өнер көрсетті. Сонымен аударыспақтан 70 келіге дейін 1, 2, 3 орындарды тиісінше Рахат Бақтығалиев, Али Мәлік, Әлішер Ерболат және 70 келіден жоғары 1, 2, 3 орындарды сәйкесінше Әлішер Ерболат, Рахат Бақтығалиев, Рауан Болат иемденді. Қазақша күрестен 70 келіге дейін салмақ дәрежесінде бірінші орынды Сырым Байсов алса, «Түйе палуан» атағына Серік Самодиянов ие болды. Жанбатудан бірінші, екінші және үшінші орындарды Жасұлан Закаев, Саят Ахметов, Орынбек Рүстемов қанжығаларына байлады.

tegisshil 95 (6)

Тай жарыс пен топ бәйгенің бас жүлдесі жәнібектік Мирболат Теміров пен қазталовтық Миршат Насыровқа бұйырды. Ұлттық ойындарға Борсы ауылы мен Тегісшіл елді мекенінің шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері демеушілік көрсетті.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

tegisshil 95 (8) tegisshil 95 (9)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале