21.10.2020, 15:25
Оқылды: 99

Темірдей тәртіп керек

Өткен аптада мониторингтік топ мүшелері Ақжайық ауданы орталығындағы мектептер мен балабақшаларда санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларын тиісті деңгейде орындаудың маңызы түсіндірілді. 

07F6650B-4488-4CAB-AA2C-4FD4BF544B9A

Білім ошақтарында індеттің таралуының алдын алу үшін мұғалімдер мен оқушылар, тәрбиешілер мен балдырғандардың қызуын қашықтан өлшейтін құрылғы, тіркеу журналы, антисептик, дизенфекциялау мен қолды жууға  арналған сұйықтықтар, дәліздегі әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған жолақтар, кварц,  утилизатор (қалдық материалдарды жоюға арналған),  изолятор бөлмесі болу міндеттелеген. Сонымен қатар  сыныптағы парталардың орналасу тәртібі де талапқа сай болу керек, әрі білім ошағына келген барлық адамның маска тағып жүруі міндетті. Алайда мониторингтік топ жұмысы барысында балабақшалар мен мектептердегі кварц құрылығыларының жетіспеушілігі  анықталды.

Рейдтік шараның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер туралы ақпарат аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ 17-18 қазанда аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық әкімдік мүшелері, полиция қызметкері, «Ақжайық – адалдық алаңы» штабының өкілдері көше-мекемелерде тұрғындардың тарапынан шектеу шараларын сақталуын қадағалап, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде рейдтің алғашқы күнінде Чапаев және Жаңабұлақ ауылдарында 2 құқықбұзушылық, яғни үйде той өткізу оқиғалары анықталған. Рейд жұмыстары кезінде тойханалар мен мейрамханаларда мерекелік шаралар немесе той өткізу деректері тіркелмеді.

Ләйлім Шырақ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале