16.01.2020, 12:38
Оқылды: 126

Теректі аудандық аналар кеңесi өткен жылды қорытындылады

Теректідегі "Қазына" коворкингінде аудандық аналар кеңесiнiң отырысы ɵттi.

terekti (3)

2019 жылды қорытындылаған жиынға аудан əкiмi Əдiл Жоламанов, аудандық мəслихат хатшысы Əлжан Нұрғалиев, iшкi саясат бɵлiмiнiң басшысы Жаннұр Ахметов, аудандық аналар кеңесiнiң мүшелерi, округтердегi аналар кеңестерiнiң тɵрайымдары, бiлiм беру, жұмыспен қамту жəне əлеуметтiк бағдарламалар бɵлiмдерiнiң қызметкерлерi қатысты.

Күн тəртiбiнде үш мəселе қаралды. Аудандық аналар кеңесiнiң тɵрайымы Гүлмира Тɵлегенова кеңес мүшелерiнiң тɵртiншi тоқсан бойына атқарған жұмысын саралап, алдыңғы жиында берiлген тапсырмалардың орындалуын баяндады.

 - Аудандық аналар кеңесi 2019 жылы "Əйел. Қоғам. Болашақ" жобасы аясында жұмыстанды. Жобаның мақсаты - аудан бойынша кɵп балалы, мүгедек, мүмкiндiгi шектеулi балаларды тəрбиелеп отырған аналарды қолдау, бойжеткендердiң инабатты, ибалы, салмақты болып ɵсуiн қадағалау, ерте жүктiлiктiң алдын алу, ұлттық салт-дəстүрiмiздi, құндылықтарымызды дəрiптеу. Жоба аясында қаңтар, ақпан, наурыз айларында аудандық бiлiм беру, жұмыспен қамту жəне əлеуметтiк бағдарламалар бɵлiмiнiң қызметкерлерiмен 95 кɵп балалы отбасының үйiне барып, жағдайымен таныстық. Атаулы əлеуметтiк кɵмекке зəру жандарға құжат түгендеу бойынша кеңестер берiлдi. Қазiргi таңда кɵп балалы аналар жаңа мемлекеттiк жəрдемақыға қол жеткiздi. Жоба жоспарына сəйкес əр ауылдық округтердегi аналар кеңестерiнiң тɵрайымдары түрлi семинар-тренингтер, кездесулер, дɵңгелек үстелдер, тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тағылымды шаралар ɵткiздi.

Жыл басынан бастап ортақ жоспармен жұмыстанып келе жатқан кеңестiң жұмысы əлi де жанданады деп сенемiз. Осы уақытқа дейiн иық тiресе жұмыс жасаған əрiптестерiме шын жүректен ризамын,- дедi Гүлмира Тайманқызы.

Əдiл Тауфикұлы аналар кеңесiнiң жұмысына кɵңiлi толатынын, дегенмен атқарар жұмыстың кɵп екенiн тiлге тиек еттi. Содан соң еңбек жолын облыс орталығында жалғастыруға бекiген Гүлмира Тɵлегенова мен оның орынбасары Аягɵз Айтқалиеваға ризашылығын бiлдiрiп, алғыс хат табыстады.

Күн тəртiбiндегi үшiншi мəселе бойынша аудан басшысы Əдiл Жоламанов аналар кеңесiнiң тɵрайымы ретiнде "Теректi жаңалығы - Теректинская новь" газетiнiң бұрынғы редакторы, зейнеткер Нұрзия Сисенбаеваны ұсынды.

Кеңес отырысына қатысушылар Гүлмира Тайманқызына алғыс айтып, жаңа тɵрайымға сəттiлiк тiледi.

Лилия Сисенбаева

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале