22.05.2020, 15:00
Оқылды: 365

Теректі ауданы әкімі Ақжайық ауылында болды

 Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Ақжайық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

CAD4A189-563C-4226-8BAC-F86991A576E8

Алдымен, Абай ауылына ат басын бұрып, ауылдағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан клубты көрді. Аудандық газет Абай ауылындағы клуб жөндеу көретінін бұған дейін де жазған болатын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 63 млн. теңгеге қарастырылып, жұмыстар басталып кетті.

E4169C24-34E5-42B5-BFC1-937CC540A103

Мердігер төрт айдың ішінде жұмыстары аяқтаймыз деп отыр. Аудан басшысы жергілікті халықпен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Абай ауылының тұрғындары көтерген мал бағымы, көшелерді жарықтандыру мәселелері жуық арада шешімін табады. Жергілікті халық мәдени ошақтың жөнделіп жатқанына дән риза екендіктерін жеткізді.

3CC47A9B-AEB1-4D18-8A29-997C1D02FD35

Ақжайық ауылында да игілікті жұмыстар бар. Соның бірі – ауылға кіреберіс көшенің жолы жөнделуде. Орталық көшеде үш қабатты тұрғын үй, округ әкімдігі, балабақша, аурухана орналасқан.

 Әділет Әлібек

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале