27.06.2019, 18:36
Оқылды: 117

Теректі ауданы әкімі журналистерді құттықтады

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық -саяси газетінің ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.

 IMG_0005

         -"Газет-халықтың тілі, көзі һәм құлағы" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әрдайым елдің арасында жүріп, қарапайым халық пен жергілікті биліктің ортасында көпір атанатын сіздердің орындарыңыз ерекше. Ауданымыздың айнасы іспетті 80 жылдан астам тарихы бар "Теректі жаңалығы" газеті жерлестерімізді өзекті мақалаларымен сусындатып келеді. Бұл - ұжымның еңбегі. Төл мерекелеріңізбен құттықтап, еселі еңбектеріңіз еленсін деп тілек айтқым келеді,-деді аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы.

         Газет редакторы Нұрзия Сисенбаева журналистерге назарын аударып, әрдайым қолдап отыратын аудан басшысына алғысын білдірді.

IMG_0024

         Аудан әкімі Әділ Жоламанов теректілік журналистерге Өмірзақ Озғанбай мен Көпболсын Бекмағанбеттің "Бата дарып, бақ қонсын" атты кітабын сый ретінде ұсынды.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале