15.10.2018, 16:17
Оқылды: 25

Теректі ауданы орталығынан 12 тонна қоқыс шығарылды

Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында 246 адам қатынасқан  сенбілік өтті.

terekti qoqys (2)

         Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері жұмылып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Округ әкімі Болатбек Тілегеновтің мәлімдеуінше, сенбілікке МТЗ-80(тіркемесімен) және МТЗ -100(тіркемесімен) техникалары жұмылдырылған.

Ауданның тазалығы-мәртебеміз деп ұққан ұжымдар арасында аудандық жер қатынастары бөлімі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, №2 саз мектебі, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі және тағы басқа мекемелер бар. Сенбілік нәтижесінде аудан орталығынан 12 тонна қоқыс шығарылды

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале