29.08.2017, 16:09
Оқылды: 21

Теректілік 500-дей оқушы Астанаға барды

 

Теректі аудандық Мәдениет үйінде аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі пленарлық мәжілісі өтті.


Кеңес барысында аудан әкімі К.Жақыпов сөз алып, барша жиылғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

- Биыл балалардың жазғы демалысын сапалы өткізу басты назарда болды. «Жасұлан» лагерінің жұмысы Подстепный ауылындағы ауданның лингвистикалық гимназиясының интернаты базасында ұйымдастырылып, демалыспен 200 оқушы қамтылды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға ауданымыздан 420 оқушы барады. Бұл мақсатқа 22 млн. 500 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы, әлем назарын аударған көрмені көзбен көру үшін барлығы 5900 оқушыны қамту жоспарда бар,-деді өз сөзінде Кәрім Кәрімоллаұлы.

Шара барысында бір топ теректілік ұстаз марапатталды.

Жиын аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Г.Құсайынова орындаған «Ұстазым» әнімен тәмамдалды.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале