9.05.2018, 14:48
Оқылды: 19

Теректі ауданында мейрам аталып өтті

IMG_20180509_144355Бүгін аудандық әкімшілік алаңында тыл еңбеккерлері, әскерилер, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері сап түзеп, «Азат етуші жауынгер» ескерткіші тұрған Достық үйі алаңын бетке алды.

Шеру басында – Ұлы Отан соғысында жауды жер жастандырған жауынгерлердің рухындай «Мәңгілік полк».

Алаңға жеткен халық елі мен жері, ұрпағы үшін отқа түсіп, кеудесін оққа тосқан қаһармандарымыз бейнеленген ескерткішке гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен боздақтарымызды еске алды.

Қасіреті мен қуанышы бірдей болған Ұлы Жеңіс мерекесінің 73 жылдығына арналған шарада аудан әкімі Кәрім Жақыпов сөз сөйлеп, барша тұрғынды айтулы мерекемен құттықтады.

Сұрапыл соғыс кезінде ауылда қалған халықтың жан-жарасы, бесіктен белі шықпай жатып, ауыр жұмысқа араласқан балалардың арманы сомдалған көріністі тамашалаған халық көздеріне жас алып, ауыр күрсінді.

Салтанатты шарада ауданымыздың маңдайалды өнерпаздары ән шырқап, би билеп, жиылған жұрттың қошеметіне бөленді.

Концерт аяқталған соң, тыл еңбеккерлері жауынгер ботқасынан дәм татты.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале