11.10.2018, 11:39
Оқылды: 37

Теректі ауданында жаңа әкім

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Теректі ауданының мәслихатының келісімімен ротация бойынша Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды.

jolamanov

Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды.
Әділ Тауфикұлы Жоламанов - 1968 жылы туған, білім – жоғары.

«Евразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономист-бухгалтер», Евразия академиясын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы сәулет жоспарлау технигі болып бастаған. Әр жылдары Сырым аудандық салық комитетінің салық инспекторы, бас салық инспекторы, төраға орынбасары, төрағасы; Теректі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы (2007-2011 ж.) қызметін атқарған.

Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы (2011-2012ж.).

Сырым ауданы әкімінің орынбасары.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2015 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін Ақжайық ауданының әкімі.
Айта кету керек, Теректі ауданының әкімі болған Кәрім Жақыпов денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Облыс әкімі Алтай Көлгінов оған атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале