23.05.2017, 11:55
Оқылды: 43

Теректі ауданында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

????????????????????????????????????

  Батысқазақстандық полицейлер «Орал-Федоров» маршруты бойынша республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.


  «Жолда қабылдау» жұмысы «Орал-Федоров» тас жолында орналасқан Теректі ауданы Федоров ауылында өткізілді. Ауылдың мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға ауыл әкімдігі, мәслихат және «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ІІД бөлініс басшылары қатысты. Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин бастаған кездесуге 100-ден астам адам келді. 13 азамат акция қатысушыларының жеке қабылдауында болды, барлығының мәселесі бойынша да шешім қабылданды.

  Қоғамдық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында өткізілген шараға қатысқан аудан тұрғындарына анкеталық сұрақтарға анонимді түрде жауап алып, сондай-ақ, азаматтардың қойған түрлі сұрақтарына жауап берілді.

  - Аталған акцияны өткізудегі мақсатымыз – тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтарды қабылдау. Өткен кезең ішінде қолданылған шаралар барысында облыс аумағында жол-көлік оқиғалары 25,8%-ға төмендеді, оның ішінде қаза болғандар саны 56,0% және 31,4%-ды құрап отыр. Теректі ауданында 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза болып, 14 адам жарақат алды. Талдау нәтижесі бойынша, Самара-Шымкент тасжолында 5 жол-көліп оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза болып, 13-і жарақат алып отыр. Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі немесе 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен, яғни, жол қозғалысы ережесін қатаң бұзушылық нәтижесінде орын алып отыр. Жол-көлік оқиғасының көбі жылдамдық арттырудан. Жылдамдық жүйесін сақтамағаны үшін 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы М.Ғабдуллин.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале