15.12.2018, 17:46
Оқылды: 46

Теректі ауданында жылыжай ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылында жылыжай ашылды.

IMG_0173

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Сейтонұлы мен округтегі ақсақалдар қоғамының төрағасы Жамбыл Рамазанов егемен еліміздің ең қастерлі мерекесімен жерлестерін құттықтап, халқының игілігі үшін жылыжай ашқан Тұрсынбек Бақтығалиевке сәттілік тіледі.
-Біз 4 гектар жер телімін жалға алып,  құны 6 млн. теңгені құрайтын 6 жылыжай құрылысын салуды жоспарладық. Биыл 2 жылыжай құрылысы аяқталды. Екі жылыжайдан маусымына (үш ай сайын) 20 тонна көкөніс өнімін алуды көздеп отырмыз. Заманауи құрылғылармен толық жабдықталған жылыжай тамшылатып суару әдісін қолданады. Біздің басты мақсатымыз – жергілікті өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қызанақ пен қияр отырғыздық. 2019 жылдың қаңтар айында өнім береді, - деді "Теректі  өнімдері" ЖШС басшысы Тұрсынбек Бауыржанұлы.

IMG_0142

IMG_0150

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,
Теректі ауданы

© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале