23.02.2017, 18:05
Оқылды: 51

Теректіде өткен жылы судан 6 адам ажал құшты

Теректі ауданының әкімі М.Мұқаевтың қатысуымен комиссия отырысы өтті.


Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кеңесте өткен жылғы аудан бойынша атқарылған шаралар сараланып, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды.


Теректі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ш.Гинаятовтың айтуынша, өткен жылы аудан бойынша 52 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 2 адам ажал құшты. Сонымен қатар 5 суға кету фактісі тіркеліп,  6 адам қаза болған.

- Су тасқыны кезеңінде аудан аумағында жұмылдырылатын күштер мен құралдардың саны 11 құрылым, 68 жеке құрам және 27 бірлік техника, 9 мотопомпа, 23 шағын электростанция бар, сонымен қатар наурыз айында 3000 литр Аи-93 және 5000 литр дизель отыны, 3500 дана капшық сатып алу жоспарланып отыр. «Көктем-2017» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу барысында қосымша дайындық жасаймыз, - деді Ш.Гинаятов.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі М.Мұқаев дайындықты оқу-жаттығуды күтпей бастау керектігін айтты. Себебі, ауа-райының күрт жылынуы қауіпті одан сайын өршітіп отыр.

 

Б. Нығметжанов

БҚО ТЖД

Теректі ауданының ТЖ бөлімі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале