6.02.2018, 22:00
Оқылды: 69

«Теректі ауданының инвесторлар тартуға мүмкіндігі мол»

Аталған аудан халқымен кездесу кезінде облыс әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.

Теректі ауданы әкімінің ел алдындағы есебінде Жайық ауылының тұрғыны Сағынбек Мұханбетқалиев аталған ауылға ауыз су тарту мен ауылға кіреберіс жолды жөндеу мәселесін көтерді. Федоров ауылының тұрғыны Бақытжан Жәкібалиев ет-сүт өнімдерін қолжетімді бағамен сататын фирмалық дүкендер ашу мәселесін қозғады.

Есептік кездесуде сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданының инвесторлар тартуда басқа аудандардан мүмкіндігі мол екенін, оның ең бастысы облыс орталығына жақындығын айтты. Ауыл тұрғындарына мембағдарламалар арқылы мал бордақылаумен, басқа да бизнес салаларымен айналысуға мүмкіндігін тиімді пайдалану қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ басқа аудандардағыдай бұл ауданда да шешілмей келе жатқан мәселелер барын айтты. Ол – көгілдір отын мен ауыз су.

-Былтыр облыс бойынша 60 елді мекенге ауыз су жетті. Соның бесеуі осы Теректі ауданында. Бұл ауданда 100 шақырым, облыста 1100 шақырым ауыз су желісі тартылды. Бұл жылы 50 ауыл сол желіге қосылады. Аталған жұмыстар Теректі ауданында да жүргізіледі,-деді Алтай Көлгінов. Алтай Сейдірұлының республикалық маңызы бар Орал-Орынбор жолына күрделі жөндеу жасалатыны жайлы хабары аудан тұрғындарын қуантып тастады. Облыс әкімі облыста атқарылған жұмыстар мен Елбасының Жолдауында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған мақсат-міндеттер туралы да айтты.

Нұрзия Сисенбаева,

Теректі ауданы

Сурет: Айбатыр Нұраш

WhatsApp Image 2018-02-06 at 17.57.58 terekty (7) terekty (10) terekty (5)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале