29.06.2020, 14:38
Оқылды: 95

Теректіде 18 мектепке ішкі әжетхана орнатылады

 Мектеп оқушысының денсаулығы үшін гигиенаның маңызы зор. Осы орайда мектеп ішінде қауіпсіз әрі таза дәретхананың болуы құптарлық іс. Өйткені лас һәм қауіпті дәретханалардың бала өміріне әсер ететіні рас.

71614547-4920-42F4-B324-DF072CBA122B

Әлемде қараша айының 19-ы – дәретхана күні екенін естігенде, миықтан күлгеніміз жасырын емес. Бұл қылығымыз әбестік екен. Шыны керек, қазіргі таңда мектепішілік дәретхананың қажеттілігі қоғам назарын аудартып келеді.  

– Теректі ауданы бойынша 18 мектепке ішкі дәретхана орналастыруды қолға алып отырмыз. Бұл орайда жергілікті бюджеттен  42 100 000 теңге бөлінді, – деп хабарлайды Теректі аудандық білім беру бөлімі.

 Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале