5.02.2019, 17:04
Оқылды: 22

Теректіде 3000 басқа арналған бордақылау алаңы салынуда

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың халық алдындағы есептік кездесуі өтуде. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық басқарма басшылары қатысуда.

 terekti (28)

Елбасы қазан айындағы халыққа Жолдауында бизнестің тұрақты кіріс көздерін қалыптастыру, жеке инвестициялар салуға кәсіпкерлерді ынталандыру жағын баса айтқан болатын.

         Осы тапсырманы орындау нәтижесінде бірқатар инвестициялық жоба іске асырылуда. Ауданның кәсіпкерлік саласындағы оң имиджін қолдау, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында өткен жылдың желтоқсанында ауданда «Теректі-Инвест» форумы өткізілді. Форумда бизнесмендер жобаларын ұсынып, еркін пікірлескен.

         -«Сырым KZ» шаруа қожалығы 1 млрд. теңгеге 3000 басқа арналған бордақылау алаңын салуды бастап кетті.

         «Жайна» ЖШС биыл Шаған ауылдық округінің Социализм ауылында сыйымдылығы 2700 тонна көкөніс қоймасын 100,0 млн.теңгеге салуды жоспарлап отыр.

         Инвестор «Жақсымбетов» ЖК бағымында қазір 1000 бас ірі қара бар. Оның үстіне сүт фермасын салып, 600 бас голштинофриз тұқымды сүтті ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Құны 3,9 млрд. теңге тұратын сүт-тауарлы кешен салуды жоспарлаған «Ринго милк» ЖШС осыған қоса, биыл мал азығын қамтамасыз ету мақсатында 1 мың гектар жерді суландыру жұмысын бастайды. Бұл екі жылдық жоба болып табылады, - дейді Әділ Тауфикұлы.

         Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісінің көлемі 13 млрд. 802,0 млн. теңге. Мал шаруашылығында өсім бар. Ауданда асыл тұқымды қазақтың ақ басы, герефорд, ангус, голштинофриз және симментал ірі қарасы, көшім жылқылары мен еділбай қойын өсірумен 23 шаруашылық айналысады. 10 108 сиыр асылдандыру процесіне қосылған. Аудандағы 17 ауылдық тұтыну кооперативтерінің 13-і асыл тұқымды түрлендірумен, 2-уі сүт жинау және өңдеумен шұғылдануда.

 

Сурет авторы Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале