18.01.2019, 11:07
Оқылды: 19

Теректіде 5 IT сынып ашылмақ

Теректі ауданының Шалқар, Аңқаты, Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдері халық алдында есеп берді.

terekti esep (4)

         Күн тәртібіндегі мәселе бойынша әр округ әкімі 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.

         Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы ауылдық округ әкімдерінің баяндамасын тыңдаған соң, ауданымыздың жеткен жетістіктерін мәлімдеді.

         - 2018 жыл біздің аудан үшін сәтті болды. Кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесіміз үшін республика бойынша аудандар арасынан көш бастап, Елбасының марапатына ие болдық. Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Тақсай ханшайымының кесенесі ашылды. Алдағы уақытта кесене алдын абаттандырып, туристер келетін жерге айналдыруды көздеп отырмыз. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен Федоров, Подстепный қазақ мектептері, Ақжайық, Шаған, «Үміт» лингвистикалық гимназиясында 5 IT сынып ашылмақ. Аңқатыға спорт алаңын саламыз. Биыл – жастар жылы болғандықтан, жасөспірімдер мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік туғызуымыз қажет, - деді аудан әкімі.

         Есеп беруге қатысқан тұрғындар ауылішілік жолдардың қардан тазартылуы, Бозай ауылына газ кіргізу, жарықтың жиі сөнуі, медбике мен электрик, амбулаторияның қажеттігі, жол, мектеп пен балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу сынды мәселелерді көтерді.

terekti esep (1) terekti esep (2)

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале