29.05.2019, 18:22
Оқылды: 359

Теректіде әйел жамағаты арасында сайыс өтті

Қасиетті Рамазан айында «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Білімділер сайысы» атты байқау өтті.

 terekti (1)

         Шараның ашылу салтанатында аудандық мешіттің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев сөз сөйлеп, Рамазан айында ұйымдастырылған сауат ашу курсына қатысқан қыз-келіншектермен мен оларға сабақ берген Сарыағаш медресе колледжінің 2-курс студенті Айзат Демеутоваға алғыс айтты.

         Білім додасында қазылық ету «Тәжиден Батырұлы» медресесінің шәкірті Бектұрған Бекмұхамбет және БҚО орталық мешітінің әйел-қыздар секторының басшысы, ұстаз Анаргүл Демеутоваға бұйырды.

terekti (6)

         Байқауға қатысқан бес шәкірт «Сәлем – сөздің патшасы», «Әріптер сөйлейді», «Мұсылманның 40 парызы» және «Пайғамбарымыздың өмірінен өнеге» сынды 4 кезеңде бақ сынады.

         Алғашқы кезеңде барлық қатысушылар өздері жайында қысқаща мағлұмат айтты. Екінші кезеңде ретсіз орналасқан араб әліпбиіндегі 28 әріпті тез айтудан жарысты. «Мұсылманның 40 парызы» және «Пайғамбарымыздың өмірінен өнеге» бөлімдерінде сайыскерлер өздері қалаған ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап берді.

         Сайыс қорытындысы бойынша 71 ұпаймен Ұлжан Мұхамбетиярова І орын, 61 ұпай жинаған Қаным Бисенғазиева ІІ орын және 48 балл алған Айтұрсын Абуева ІІІ орынға ие болды.

         Барлық курсқа қатысқан жамағат серитфикатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көрермендер де сый-сияпаттан құр қалмады.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

terekti (4) terekti (7) terekti (8)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале