20.09.2019, 10:47
Оқылды: 282

Теректіде «Барбастау» турбазасы ашылды

Аудан күні қарсаңында Теректі ауданы Донецк ауылындағы бастауыш сынып мектеп жанынан «Барбастау» туристік базасы ашылды. Оны жабдықтауға 14 млн. теңге бөлінген.

 IMG_0052 (1)

Лагердің ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фомин, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

- Бүгін біз аудандық туризм базасының ашылу салтанатына жиналып отырмыз.Өз жеріңді білу – елжандылық негізі. Отанды сүю, оны мақтаныш ету өз туған жеріңнен басталады. Күре жолдың үстінде, Жайықты жағалай жатқан Теректіде 30-дан астам әсемдігімен таңқалдырған табиғат ескерткіштері, екі жүздей тарихи-мәдени жағынан баға жетпес орындар бар. Күні кеше жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауындағы «Туризмді, әсіресе, экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет» деген жолдары тап біздің Теректіге қарата айтылған. Аудан күні қарсаңында ашылып отырған турбаза біздің жолдау жолдарын орындаудағы алғашқы қарлығашымыз,-деді аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы.

IMG_0062

«Біздің Жайық – Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жансұлу Каджимова құттықтап, аудандық туризм және экология орталығына сыйлықтар табыс етті.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов және облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин турбазаның лентасын қиды.

Үміткер Орынғалиев

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале