19.11.2018, 10:58
Оқылды: 61

Теректіде «Білімді жамағат» сайысы өтті

Теректі аудандық Достық үйінде «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бағдат Адайханның ұйымдастыруымен жамағат арасында «Білімді жамағат» зияткерлік сайысы өтті.

сайыс

Бөрлі, Тасқала және Теректі жамағаттарынан құралған үш топ қатысып, бақ сынаған зияткерлік сайыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамының наиб имамы Ерденбек Ихсанов, БҚО дін істері басқармасының теолог маманы Наурыз Кубаев қазылық етті.

Бірінші кезеңде әр топ басшысы қасиетті Құраннан білетін сүрелерін жатқа айтты. Бұл кезеңде әділқазылар Құран сүрелерін тәджуид ережелеріне сай дұрыс оқығандарға жоғары ұпай берді. Сонымен, «Теректі» тобы 60 баллдың 55-ін, «Тасқала» - 50, «Бөрлі» 40 ұпай алды.

Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар «Фиқһ», «Ақида», «Сира», «Салт-дәстүр», «Ғалым, ағартушылар» ұяшықтарынан қалағанын таңдап, сұрақтарға жауап берді.

Екі кезең бойынша «Теректі» жамағаты қарсыластарынан озып, І орынды қанжығасына байлады. ІІ орын - «Тасқалаға»,  ІІІ орын «Бөрлі» ауданы жамағатына бұйырды.

Түстен кейін қатысушылар білек күшін сынап көрді. «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Ұзындыққа секіруден» жарысқан топтар арасында І орынды «Бөрлі», ІІ орын – «Тасқала», ІІІ орынды «Теректі» жамағаты иеленді.

Сайыс соңында Бағдат Қанатұлы қатысушыларға рахмет айтып, марапаттады.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале