27.02.2020, 14:11
Оқылды: 82

Теректіліктер Қадыр ақынның 85 жылдығына орай концерт берді

Теректі аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тәуелсіз Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдық мерейтойына орай  «Ұлты мақтаған – ұлы тұлға» атты концерттік бағдарлама өтті.

terekti (1)

Шараны ашқан аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Шарафутдин ақынның шығармашылығына тоқталып, ұлыларды ұлықтау, оның жүріп өткен жолын ұрпақ санасында жаңғырту жұмыстары жыл бойы жалғасу керектігіне тоқталды.

terekti (2)

Шара барысында Қадыр ақынның шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, бозбала шағы, халық сүйіктісіне айналған дәурені театрландырылған көрініс арқылы көрермен жүрегіне жетті. Бастысы, поэзия салтанат құрды. Мектеп оқушыларынан бастап  жастар тарапына дейін Қадырдың өлеңдерін жатқа оқып, ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды.

terekti (4)

Аудандық мәдениет үйі ұжымы Қадыр өлеңдерін оқып, оны бейнероликке таспалау талаптарын қойып,  фейсбук желісінде байқау жариялаған болатын. Кеш барысында аталмыш байқаудың жеңімпазы да анықталды. Федоров ауылының тұрғыны Айжамал Аққайырова ақынның  «Ата мен немере» атты өлеңін оқып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.  Белсенділік танытқан  Подстепный ауылының тұрғыны Айнұр  Қуанышқалиева  да марапатсыз қалмады.  Залдағы көрермен сахна төрінде  өлеңдерді жатқа оқып,  Қадыр ақынның кітабын еншіледі.

Әділет Орынбасар

Теректі  ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале