3.10.2018, 18:10
Оқылды: 32

Теректіде қарияларға арналған күзгі бал өтті

Теректі ауданы Подстепный ауылдық мәдениет үйінде қазан айының алғашқы мерекесі – қарттар күніне орай ақылдың кені аталар мен ақ жаулықты әжелерге арналған «Алтын ғұмырдың алтын кезеңі» атты күзгі бал өтті.

 terekti (2)

Балда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Мүтиев пен облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Алуа Ракишева сөз сөйлеп, көненің көзі қарияларды мерекемен құттықтады.

         Шарада тыңғылықты ісімен көпке үлгі болып жүрген «Япурай» ансамблінің жетекшісі, кәсіби медиатор Зауреш Шатикова, волонтерлық қызмет атқарып жүрген «Теректі» колледжінің 13 студенті мен олардың басшылары алғыс хатпен марапатталды.

         Подстепный ауылдық мәдениет үйінің басшысы Айнұр Қуанышқалиева да күзгі балға жиылған жұртшылықты атаулы күнмен құттықтап, өнер десе, ішкен асын жерге қоятын «Япурайдың» жез таңдай, күміс көмей әншілеріне алғыс хат табыс етті.

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале