13.12.2018, 18:09
Оқылды: 46

Теректіде кәсіпкерлер форумы өтті

Теректіде «TEREKTI INVEST» тақырыбында кәсіпкерлер форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, аудан әкімі Әділ Жоламанов, округ әкімдері және тың жобаларды қолға алып жүрген аудан кәсіпкерлері қатысты.

IMG_0078

Форум аясында аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз алып, кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарға тоқталды.

         -Күні кеше жеткен ауданымыздың жетістігі – барлық кәсіпкерлердің жұмыла еңбектенуінің арқасы деп білемін. Елбасы Н.Назарбаев ауданымызды орта және шағын бизнес жасауға ең қолайлы аудан деп танып, Елорда төрінде марапаттады. Бұл дүйім облыстың, барлық теректіліктердің жеңісі. Ауданда жыл сайын кәсіпкерлік саласы дамып келеді. 2018 жылдың 11 айында ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 1607 субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде белсенді жұмыс жасайтыны – 1401 субъект. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл цифрлар жыл сайын өсіп, кәсіпкерлік саласына қолдау тоқтамайды деп сендіремін. Сол қолдаудың тағы бір дәлелі – бүгінгі кәсіпкерлер форумы. Форумда аудан кәсіпкерлері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеяларды назарымызға ұсынатын болады,-деді Теректі ауданы әкімі Әділ Тауфиқұлы.

         Аудандағы индустриалдық аймақ құрылысы жөнінде «Орал» ӘКК ҰК АҚ төрағасының орынбасары Артур Досқалиев баяндама жасады. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының кеңесшісі Жанболат Даухарин кәсіпкерлік саласындағы бірқатар жаңа бағыттарға тоқталса, «Теректі» шаруа қожалығының басшысы Сержан Идиятов аудан орталығында жүзеге асқан және жоспарда бар жобаларды жіпке тізді. Өз жұмыстарымен форумға қатысушыларды таныстырғандардың арасында «Жайна»ЖШС директорының орынбасары Татьяна Черноярова, «Таза ауыл» ЖК басшысы Иван Гузь және «Арлан» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Сахипов болды.

         Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Ихсанов ауданда туризмді дамыту мәселесі бойынша сөз қозғады. Одан соң аудандық кәсіпкерлік бөлімі және «Теректі» шаруа қожалығы, «Жайна»ЖШС, «Таза ауыл» ЖК, «Сырым.kz» шаруа қожалықтары арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

         Қорытынды сөз алған облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов форум жұмысына оң бағасын беріп, аудан кәсіпкерлеріне сәттілік тіледі.

IMG_0111

IMG_0089

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңізд

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале