7.06.2019, 17:25
Оқылды: 430

Теректіде кәсіпкерлер марапатталды

Теректі ауданы Федоров ауылындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде бизнестің әлеуметтік жобаларына белсене қатысып, қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген кәсіпкер азаматтар марапатталды.

  4               

 «Ибрагим» шаруа қожалығының басшысы Юрий Махметовке аудан әкімі Әділ Жоламановтың алғыс хаты салтанатты түрде табыс етілді. Аңқатыдағы «Бақыт» шаруа қожалығы басшысы Аманғали Бөкенбаев, покатиловтық  Мұрат Жолдықайыров («Тана» қожалығы), Дарын Нажмеддинов («Сағын-Дарын» қожалығы), федоровтық кәсіпкер Владимир Шин аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақовтың  қолынан аудан әкімінің алғысхатын алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты аясында Ақсуат ауылының тұрғыны Гүлзина Уалиахметова, Подстепное ауылы тұрғыны Қахарман  Жанғалиев әр қайсы 4 000 000 мың теңге көлеміндегі стартап шағын несиесінің сертификатын иеленді. Тап осындай, 5 000 000 теңгенің шағын несиесі шалқарлық Армат Сәрсекеновке берілді. Долиндік Назгүл Исқазиева осы  бағытта 1 400 000 теңгелік шағын несие алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар арасынан «Отбасы-Бизнес» аясында жаңа бизнес идеялар ұсынған азаматтар  мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант  иеленді. Олар: шалқарлық Медет Темірболатов, шағатайлық Ринат Қайыров, шағандық Екатерина Окнянская. Әрқайсы 252 500 теңге көлемінде грант алған осы теректіліктер құс өсіруді қолға алады.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале