19.09.2019, 18:02
Оқылды: 356

Теректіде кондитерлік дүкен ашылды

Теректі ауданына қарасты Покатилов ауылында аудан күні қарсаңында «Қарлығаш» кондитерлік дүкенінің ашылу салтанаты өтті.

terekti duken (2)

Кондитерлік дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

terekti duken (3)

Ауданның құрметті азаматы, Покатилов ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерғали Бекетов сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді. Қуанышты сәтте кәсіпкер Қарлығаш Сералиева сөз алып, дүкеннің халыққа қызмет көрсететіне сенім білдірді. Дүкеннің ашылу салтанатында әулеттің үлкені Тойдық әже мен ауданның құрметті азаматы Ерғали Бекетов лентаны қиды.

terekti duken (1)

Жеке кәсіпкер Қарлығаш Қасымқызының айтуынша, жаңа дүкеннің бой көтеруіне 5 млн. теңге жұмсалған. Қазіргі таңда ауылдың екі адамын жұмыспен қамтып отыр.

Үміткер Жұмакелдіұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале