21.09.2019, 11:23
Оқылды: 514

Теректiде меценаттар марапатталды

Теректі ауданы күнiне орай «Əйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен
«Жомарт жүрек - 2019» аталымы иегерлерiн марапаттау кешi ɵттi.

20190921_105429-800x612

Жиында аудан əкiмi Əдiл Жоламанов барлық тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, туған жерiнiң кɵсегесiн кɵгертуге атсалысуды парызы санаған жүрегi жомарт азаматтарға алғысын айтты.

20190921_105620-800x575

- Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнiң нағыз ɵзегiне айналады», - деп айшықтап бердi.

20190921_105554-800x585

Бүгiнгi шараға ауданымыздағы мейiрбан, жомарт, қайырымды жерлестерiмiздiң ауыл-аймағына, елiне, қолдауға мұқтаж жандарға жасаған жақсылығын ɵзгелерге ɵнеге ету мақсатында жиналып отырмыз.

Бiз сiздермен мақтанамыз. Жанұяларыңыз аман болсын. Жасаған жақсылықтарыңыз ɵздерiңiзге еселенiп қайтсын, - деп Əдiл Тауфикұлы марапаттау рəсiмiне кiрiстi.
«Батыл жүрек» аталымына ɵртенген үйден Тамара Гончарова есiмдi үй иесiн құтқарған аудандық полиция бɵлiмiнiң криминалистi Арман Габдушев лайық деп танылды.
«Жылдың ең үздiк азаматы» - Теректi ауданының құрметтi азаматы, Шалқар ауылдық округiндегi ақсақалдар кеңесiнiң тɵрағасы, қоғамдық жұмыстарға белсендi Ерболат Конкашев. Батыс Қазақстан облысы бойынша 70 елдi мекен мен 6 мың үйдi кɵгiлдiр отынмен қамтыған, аудандағы қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда үнемi бой кɵрсететiн Ануар Марданов
«Жылдың үздiк қайырымдылығы» атағына ие болды. 2017 жылы аудан тұрғындарының дiни сауаттылығын арттыру, деструктивтiк дiни ағымдардың алдын алу мақсатында құрылған
«Бiрлiк» деструктивтiк дiни ағымдардан қорғау жəне кɵмек кɵрсету орталығы» қоғамдық бiрлестiгi
«Жылдың үздiк үкiметтiк емес ұйымы» атанды.
«Жүрегi кең жастар» атты ерiктiлер тобын құрып, мүмкiндiгi шектеулi жандар мен кɵпбалалы аналарға қолдау кɵрсетiп жүрген жерлесiмiз Тоқжан Мерғалиева
«Жылдың үздiк волонтерi» аталымын иемдендi.
«Туған өлке» аталымы бойынша ɵнер жанашыры, ел арасында «Ақжайықтың Жүрсiнi» атанған Ерiкқали Ахметов марапатталды. Облысымыздың құрметтi азаматы, Теректi ауданының үздiк кəсiпкерi, қайырымдылық шараларын қалт жiбермейтiн меценат Сержан Идиятовқа
«Əлеуметтiк тұрғыда дамуға үлес қосқаны үшiн» аталымы бұйырды. Халық арасында беделдi, қайырымдылық жасауды жаны сүйетiн, жақында ғана ауылдастарының қамы үшiн медициналық пунктке ғимарат бɵлiп, 4 млн. 700 мың теңгеге күрделi жɵндеуден ɵткiзген Мерболат Жанғалиев «Жылдың үздiк меценаты» атанды.
Облыс орталығынан арнайы келген ɵнерпаздар халқының қамын ойлауды борышына балаған кең жүректi жандар үшiн ɵнерлерiн паш еттi.

Аягɵз Айтқалиева
Теректi ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале