23.06.2020, 17:14
Оқылды: 112

Теректіде мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Теректі аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

4255BBE7-8E8B-4953-B3AF-276CCE2FD0F7

-Қазақстандықтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуы сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты. Әр мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнында көк Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз тұрады. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Күн-түн демей елдің алғысы үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді,- деді Әділ Тауфиқұлы.

Одан кейін Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева және Долин ауылдық округі әкімі Талғат Манатауов БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатымен марапаттады.

A8226747-A4E9-4C2D-A38A-9A752F2779F1

Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғысхатына аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Жұмағыз Даужнова, Покатилов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Меркін Құбашев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Шин ие болды.

Федоров ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Угалиев, Теректі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қанатова, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы Айбек Ғайнуллин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Римма Ракова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Дамир Мендыбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Айнұр Сахипкереева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азамат Құспанов және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Азамат Сисеновке Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың алғысхаты бұйырды.

Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы Артур Баяхатов және Долин ауылдық округі әкімі Талғат Бисенғалиұлы сөз алып, әріптестеріне жылы лебізін жеткізді.

Әділет Орынбасар

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале