11.08.2020, 15:05
Оқылды: 131

Теректіде «Нұр» орталығы ашылды

Теректі ауданы орталығы Федоров ауылындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ғимаратында аутизмге шалдыққан балаларды арнайы қолдауға арналған «Нұр» орталығы ашылды.

D26BCDEE-4F82-4CCC-9104-A01AFEEA7F3C

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ауылдық үкіметтік емес ұйым және бастамашыл топтар үшін ұсынып отырған шағын грант байқауы шеңберінде жүзеге асты.

Салтанатты шараға облыс орталығынан келген «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлбаршын Мақсотқызының айтуынша, байқауға 28 жоба ұсынылып, оның 10-ы мақұлданған. Сол ондықтың ішінде Теректі ауданынан үш жоба бар.

77BA42D0-6C0F-411D-A6BE-A65744763A0A

Берілген 500 мың теңге қаражатқа ашылған «Нұр» орталығы аутизмге шалдықан балалар және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізеді. Бүгінгі таңда ауданда аутизмге шалдыққан 12 бала тіркелген.

Орталықтың ашылуына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жобаны қолға алып, жүзеге асыруға бекінген аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Аягөз Айтқалиеваның айтуынша, орталыққа 300 мың теңгеге ойыншықтар мен арнайы құрылғылар алынған. Ал қалған қаржыға монтессори методикасына арналған ойыншықтар Новосибирск қаласынан әкелінеді екен.

0B8C3122-425E-47BC-A134-76696D022BB8

Орталықтың ашылу салтанаты аясында лента қию рәсімін Теректі ауданы әкімі Әділ Тауфиқұлы мен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлбаршын Мұштанова өткізді.

CCBCDFF7-1005-42C8-9D62-8E323C611DB1

Одан соң психолог Алтынай Урбисинова орталықтағы аутист балаларға арналған ойыншықтармен таныстырды. Теректі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Дәметкен Умарғалиева сөз алып, «Нұр» орталығының жетекшісі Аягөз Айбарқызына алғысхат табыстады.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале