25.12.2018, 10:51
Оқылды: 36

Теректіде Президент шыршасы тойланды

         Теректі ауданында әкімі Әділ Жоламановтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі тойланды.

IMG_0047

         Ауданның түкпір-түкпірінен 100 оқушы қатысқан жаңа жылдық мерекеге Алдар көсе, дәу, Олаф («Холодное сердце» мультфильмінің кейіпкері), ескі жыл ит пен жаңа жыл доңыз және тағы басқа ертегі кейіпкерлері келіп, балғындардың көңілін көтерді.

         Содан соң оқушылар лед эраннан Елбасының құттықтау сөзін тыңдады.

Әсем әнді әуелетіп, мың бұрала билеген шәкірттерге аудан басшысы да ақжарма тілегін арнады.

         Шарада Елбасы атынан әр балаға қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

         Мерекенің ең басты қонақтары – Аяз ата мен Ақшақар өнерлі ұландардың талабын бағалап, сый-сияпат тарту етті.

IMG_0093(1) IMG_0098(1)

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале