26.07.2018, 13:05
Оқылды: 64

Теректіде республикалық «Шалқар толқыны» байқауы басталды

Shalkar tolkynyДәл қазір Подстепный ауылдық Мәдениет үйінде байқаудың іріктеу кезеңі өтуде. Байқауда бақ сынауға республикамыздың түкпір-түкпірінен 30-ға жуық өнерпаз келген. Атап айтсақ, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал және өңіріміздің 15 ауданының көмейіне бұлбұл ұя салған жез таңдай әншілері ән құдіретін танытпақшы.


 

Shalkar tolkyny (1)Ән додасы 2 кезеңнен тұрады. Ең үздік әншілерді республикалық «Үкілі үміт» сайысының жеңімпазы, «Жас қанат-2004» байқауының үздік композиторы, Атырау қаласы Гимнінің авторы, композитор Болат Қоқаманов, түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі Марат Сарбөпеев, Теректі аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев,  Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық Shalkar tolkyny (2)филармониясының әншісі, композитор Жаскелең Ғайсағалиев, «Шалқар толқыны» жобасының авторы, облыстық халық шығармашылық үйінің директоры Мәулет Жұбатов таңдап алады.

Іріктеуден сүрінбей өткен өнерпаздар ертең Шалқар көлінің жағасында болатын гала концертте өнер көрсетеді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале