30.09.2019, 18:51
Оқылды: 112

Теректіде «Татуласу орталығы» ашылды

Медиация институтын жан-жақты насихаттау, адамдар арасындағы ауызбірлікті нығайту мақсатында аудан орталығының қақ ортасында, жергілікті  полиция тірек пунктінің ғимаратында «Татуласу орталығы» ашылды.

IMG_0031

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов:

- «Татуласу орталығының» мүддесі – татулық. Түйінделген мәселені, алауыздық туғызған нәрсені сотқа дейін жеткізбей, осы жерде шешуге болады. Дау-дамайды жайлы отырып шешетін, нағыз татулық қонысы,-деді.

IMG_0053

Расымен де, орталықта екі тараптың бітімге келуіне жайлы жағдай жасалған. Бұл жерде мемлекеттік органдар қызметкерлері, сот орындаушылары, заңгерлер қызмет көрсетеді. Медиатор, адвокат, психолог, билер кеңесі де осы жерден табылады.

«Татулық орталығы» нағыз бітімгерлік орыны болады деген сенімін Теректі аудандық сотының төрағасы Марат Маликов та білдірді. Ауданның құрметті азаматы Александр Попов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев жаңа орталықтың жұмысының жемісті болуына тілектес екендіктерін жеткізді.

Үміткер Жұмакелдіұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале