4.10.2018, 12:23
Оқылды: 65

Теректіде ұстаздар күні аталып өтілді

Теректіде ұстаздар мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов шәкірт тәрбиелеуде еңбегі ерен ұстаздар қауымын қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

IMG_0057

         Құрметке ие болған ұстаздар қатарында Ақсуат мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Бегалиева, математика пәнінің мұғалімі К.Мендигалиева, Жайық мектебінен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Каналиева, Талпыннан химия пәнінің мұғалімі М.Ихсанов, Подстепный қазақ мектебінің физика, информатика пәнінің мұғалімі Б.Айтқалиева, география пәні мұғалімі М.Сыхов, Подстепный №1 мектебі мұғалім-логопеді А.Макутова, №1 Федоров білім ошағының тарих пәнінің мұғалімі Т.Божко, ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Сичкарь, Х.Есенжанов атындағы мектептен биология пәні мұғалімі Н.Хаиров болды.

         Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Білім саласындағы қызметкерлер мен оқытушыларды аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы кәсіби мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, жетістіктері үшін бір топ ұстаздарды марапаттады. Олардың ішінде Ақжайық ауылынан шыққан Қуанышқалиевтер ұстаздар отбасына да алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

         «Жылдың мерейлі ардагері» аталымы Абай атындағы мектептің математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры болған зейнеткер Ғайнеден Шалқаровты (еңбек өтілі – 42 жыл), Шаған мектебінен математика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сыдықованы (еңбек өтілі – 39 жыл) және №1 Федоров ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Глуховаға (еңбек өтілі – 30 жыл) алғыс хат берілді.

         Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова да мұғалімдерді мейрамдарымен құттықтап, «Жалынды жас маман», «Әдіскер ұстаз» аталымдары бойынша түрлі олимпиада, ғылыми жобаларға оқушы дайындаған бірнеше ұстазды марапаттады.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале