5.03.2018, 13:55
Оқылды: 32

Теректіде волейболдан турнир өтті

 

Теректі аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде «Денсаулық»  клубын құрып, ауданның спорт саласының дамуына үлес қосқан марқұм Валерий Сисенбаев, Руслан Раймкулов және Николай Бородулинді еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Л.Уалиев,  аудан тарихында өзіндік орындары бар азаматтардың жанұялары атынан Татьяна Хмарская, Дина Сисенбаева және Мария Бородулина сөз сөйлеп, естеліктерден сыр шертті. Аталмыш додаға Аңқаты, Подстепный, Федоров ауылдық округтері командаларынан бөлек, Ақжайық ауданының құрама командасы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

Тұтастай бір күнге созылған турнирдің жеңімпазы болып Федоров ауылдық округінің ардагерлер құрамасы танылды. Тұғырдың екінші сатысына Ақжайық ауданының құрамасы жайғасса, ІІІ орын Подстепный ауылдық округі командасына бұйырды. Ал «Жеңіске құштарлығы үшін» атты арнайы номинацияны Аңқаты ауылдық округі командасы еншіледі.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы» аталымында С.Загной (Теректі), «Үздік либеро» аталымында Н.Құсайынов (Подстепный), «Ардагер ойыншы» аталымында Б.Бадашев (Аңқаты), «Үздік қорғаушы» аталымында Т.Шиниязов (Ақжайық ауданы) жеңімпаз атанды.

Жарысты ұйымдастырушылар атынан марқұм ардагер спортшылардың жанұялары жекелеген ойыншыларға ақшалай және естелік сыйлықтар табыстады. Марапаттау рәсіміне аудан әкімі К.Жақыпов және Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов қатысып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан спортшыларға алғыс білдірді.

 Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале