13.01.2017, 18:17
Оқылды: 62

Теректіде – жаңа имам

ҚМДБ БҚО өкіл имамы Руслан Сұлтанов Теректі ауданының жаңа имамымен таныстырды.


Өкіл имам 5 жыл бойы дәстүрлі дінімізді насихаттап келген Халықбек Сыдиковтың жұмысына тоқталып, алғыс айтты. Еліміздегі діни ахуал жөнінде сыр шертіп, білімді, тәжірибелі имам, теологтардың ауадай қажеттігін жасырмады. Содан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы бойынша ауданымызға бекітілген Рахматулла Моллақанағатұлы есімді имаммен таныстырды. Аудан әкімі М.Мұқаев Халықбек Қадырғалиұлына атқарған еңбегі үшін алғыс хат табыс етіп, дәстүр бойынша шапан жапты.

Аудан басшысының шешімімен алдағы уақытта Х. Сыдиков Подстепный ауылдық округінде қызметін жалғастырмақ.

Аягөз Бақтығали

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале