26.11.2018, 11:20
Оқылды: 49

Теректіде жас ақындар клубы ашылмақ

 Теректі ауданы Подстепный ауылдық округіндегі «Жігер» коворкинг орталығында жас ақын, «Тау баласы» жыр жинағының авторы, аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің жауапты хатшысы Әділет Орынбасаровпен кездесу өтті.

terekti (1)

         Кездесуге қаламды серік еткен теректілік жас ақындар қатысты. Шараны ұйымдастырушы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсәуле Аткеева Әділет Әлібекұлының шығармашылығына шолу жасады. Одан кейін қатысушылар сауалдарын қойды.

         Әділет балалық шағы, өлең өлкесіне қалай келгендігі жөнінде, жастар белсенділігі турасында ой қозғады. Жас ақындар кездесу аясында ауданда ақындар клубын ашу туралы мәселе көтерді. Шараны ұйымдастырушылар жастардың ойы ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.

         «Жігерде» жалынды жырлар оқылып, ауданның жас таланттары өлеңдерін көпшілікке ұсынды. Кездесу соңында қатысушыларға естелік сыйлық табысталды. Әділет Орынбасаров «Тау баласы» жыр жинағының жарық көруіне септігін тигізген аудандық әкімдікке алғысын білідіріп,          Подстепный ауылдық кітапханасына «тұңғышын» сыйлады.

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

terekti (2) terekti (3)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале