5.10.2018, 14:55
Оқылды: 73

Теректіде «Жомарт жүрек - 2018» сыйлығының иегерлері анықталды

Теректіде елімізге танымал жазушы Хамза Есенжановтың 110 жылдығын атап өту және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Жомарт жүрек -2018» сыйлығының иегерлері марапатталды.

jomart jurek (1)

Ел мүддесін биік қояр азаматтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоқжанов құттықтап,  алғыс білдірді.

«Жыл меценаты» аталымында Сағидолла Еркебаев, «Туған өлке» аталымы бойынша Ибрагим Жақсымбетов, Қатауолла Ашығалиев, Валерий Голоухов, Арман Ғаббасов, Қайрат Садықов, Ұлықпан Мұхамедьяров, Тілекқабыл Жұмағалиев, Александр Овченник, Жұбан Шиназбеков, «Жүректен жүрекке» аталымы бойынша Мирхат Жұмашев, Виктор Галкин, Руслан Лұқпанов, Роллан Бектеміров, «Әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқаны үшін» номинациясында Юрий Махметов, «Жылдың қайырымды адамы» аталымында Сержан Идиятов, Аманғали Бөкенбаев мараппатталды.

«Әйел. Қоғам. Болашақ»(жетекшісі Гүлмира Төлегенова) – «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» аталымында жеңімпаз атанса, «Алтын ұя»  аталымының жеңімпазы болып Надежда Бисалиева танылды.

Екі балғынды суға батып бара жатырған жерінен құтқарып, ерлік жасаған Юбилейный ауылының тұрғыны Миржан Қуанышқалиев «Батыл жүрек» аталымы бойынша марапатқа ие болса, «Жыл адамы» аталымына Зәуреш Шатикова лайық болды.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

jomart jurek (3)

jomart jurek (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале