26.10.2020, 11:51
Оқылды: 54

Теректіде жұмыс тобы колледж жұмысымен танысты

Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев, «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ерсайын Насипов, аудандық "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрсауле Аткеева  Подстепное ауылына барды.

 3 (1)

Жұмыс тобы осы ауылда орналасқан Теректі колледжінің жатақханасына арнайы барып, жағдайымен  танысты.

Қазіргі таңда студенттер қашықтан оқып жатқандықтан, 60 орындық  жатақхана бос тұр. Дегенмен,  оқу кабинеті, демалыс және тұрмыстық бөлмелер студенттердің жайлы орналасуына сақадай сай, күнделікті дезинфекция шаралары мұқият атқарылады.

Жағдай оңалсымен оқуға кірісетін  студенттерді  қабылдауға және кәсіби білім беруге  колледжде барлық жағдай жасалған.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале