25.08.2018, 16:30
Оқылды: 74

Теректіде жүргінші жолының құрылысы аяқтала келді

Terekta trotuarҚұрылыс қарқынды жүріп жатқан аудан аумағында тас жолмен қатар жаяу жүргіншілер жолын салу да қолға алынған.


Аудан орталығындағы Целинная, Северная, Трудовая, Колхозная көшелерінде "Елді мекенді абаттандыру" бағдарламасы  бойынша тартылып жатқан жүргіншілер жолының құрылысын "КаНур Строй Сервис" ЖШС жүргізуде. Жалпы құны 19 712 000 млн. теңгені құрайтын жоба бойынша бұл көшелерге ұзындығы 1740 м, ені 1,2 м жүргіншілер жолын салу қаралған екен. Табанын тегістеп, қиыршық таспен толтыру, асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жүргінші жолы дайын.

Енді ауыл тұрғындары көктемгі лайсаң мен күзгі жаңбыр кезінде аяқ басар құрғақ жер іздеп, шалшық-балшыққа батпай-ақ діттеген жеріне бара алады. Әсіресе, балабақша-мектепке барада қиналатын Северная көшесінің, ойпаңдары су толып, «шағын Венеция» болып кететін Колхозная көшесінің тұрғындары үшін бұл көптен күткен жақсылық.

Камелия Қарекесова

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале