21.09.2019, 13:04
Оқылды: 184

Теректiде жыл үздiктерi анықталды

Теректi ауданының күнi мəдени-демалыс орталығы қызметкерлерi ұйымдастырған мерекелiк шарамен қорытындыланды.
Салтанатты шарада аудан əкiмi Əдiл Жоламанов сɵз сɵйлеп, ауданның кɵркеюiне, дамуына үлес қосқан бiрқатар теректілікті марапаттады.

IMG-20190921-WA0032-800x533

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Подстепный ауылдық округiне қарасты Юбилейный ауылына су жүргiзу жұмыстарын уақытынан бұрын аяқтаған
«Kazconstructiongroup» ЖШС директоры Мұратбек Мухамбедиев, Ақжайық шипажайының кiреберiс жолын күрделi жɵндеуден ɵткiзген «Жайық Сити» ЖШС директоры Мереке Молдағалиев,

20190921_124854-800x650

 

Ақжайық ауылына аялдама, Аңқаты ауылында жаяу жүргiншiлерге арналған кɵпiр салған «Запад Альянс Групп» ЖШС директоры Медет Казиев, Теректi аудандық лингвистикалық гимназиясына IТ сынып сыйлаған «It group Kazakhstan» ЖШС директоры Михайл Дудниченков, елдi мекендердi кɵгiлдiр отынмен қамтамасыз етiп отырған «КазТрансГаз» АҚ Теректi ауданы бойынша филиалының директоры Бекзат Бултиков, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде Ақсуат ауылының кiреберiс жолын, Федоров ауылындағы Достық жəне Центральный кɵшелерiнiң жолдарын күрделi жɵндеуден ɵткiзген «Тоби» ЖШС директоры Асланбек Рахметов, балаларды тасымалдаумен айналысатын
«Қуанышқалиев» ЖШС директоры Тɵлеген Қуанышқалиев аудан əкiмi Əдiл Тауфикұлының алғысхатымен марапатталды.

20190921_124812-800x421
Кезек жыл үздiктерiне де келдi.
«Үздiк шаруа қожалығы - 2019» - «Бақыт» шаруа қожалығының басшысы Аманғали Букенбаев, «Үздiк механизатор - 2019» - «Тұлпар LTD» ЖШС басшысы Исатай Оразов, «Үздiк электрик - 2019» - 1982 жылдан берi аудандық электр желiсi мекемесiнде электромонтер қызметiн атқарып келе жатқан Сержан Нурин,

IMG-20190921-WA0035-800x533

 

 

«Үздiк полиция қызметкерi - 2019» - аудандық полиция бɵлiмiнде аға мемлекеттiк автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Жанғалиев,
«Үздiк қаржыгер - 2019» - 32 жыл бойы салық органында қызмет атқарып келе жатқан Сержан Сисенов, «Үздiк мəдениет қызметкерi - 2019» аудан намысын республикалық, халықаралық додаларда қорғап жүрген «Жұлдыз» үлгiлi би ансамблiнiң жетекшiсi Жанар Тайшыбаева, «Үздiк кiтапханашы - 2019» - аудандық орталықтандырылған кiтапхана жүйесiнiң кiтапханашысы Замира Сапарова, «Үздiк медицина қызметкерi - 2019» аталымына Ақжайық ауылдық округiнiң акушер-гинекологi Əсемгүл Журманова лайық деп танылды. Аудан күнiнде отау құрған Василий Киянский мен Əлия Жұмағалиқызы да аудан басшысының назарынан тыс қалмады. үйiнiң ɵнерпаздары əсем əннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, мерекелiк кештiң кɵркiн қыздырды.

IMG-20190921-WA0036-800x600
«Теректі» шаруа қожалығының басшысы, меценат Сержан Идиятов жерлестерiне арнап мерекелiк от шашу ұйымдастырды.
Мерекелiк шара соңында лотерея ойнатылып, аудан тұрғындары сый-сияпатқа кенелдi.

IMG-20190921-WA0039-800x600

20190921_124839-800x495IMG-20190921-WA0031-800x533

Аягɵз Айтқалиева,
Теректi ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале