9.11.2018, 18:17
Оқылды: 25

Теректідегі кооператив биыл 187 тонна сүт өндірген

Құрылғандарына бір ғана жыл болған «Достық» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі Покатилов ауылында орналасқан.

Құрамында жиырма адам бар кооператив сүт бағытындағы мал шаруашылығын жандандыруды қолға алған. Кооперативке қарасты сүт қабылдау пункті 2017 жылы  20 тонна, ал биыл 187 тонна сүт өндіріп, «Каверин С.В» жеке кәсіпкерлігіне тапсырған. Әр он бес күн сайын жиналған ақшасын алып отырған тұрғындардың қызығушылығы артып, күні бүгін сүт қабылдау пунктіне жүгінушілердің саны 40-тан асып жығылады. Бұл жөнінде кооператив басшысы Қарлығаш Сералиева мәлімдейді.

IMG_0018

«Достықта»  207 бас ірі қара болса, оның 106-сы аналық. Өткен жылы әрқайсының құны  320 мың теңге болатын   симментал тұқымды 2 бұқа сатып алынды.  Бүгінде бұл бұқалардың тұқымдық  мерзімінің өтуіне байланысты етке тапсырылған. Сүт қабылдау пункті жүйелі жұмыс жасауды қолға алғаннан бері ауылда ірі қара ұстаушылардың саны күрт өскен. Олардың дені жастар.

-Облыста алғаш болып қолға алынған бұл жобаның халыққа пайдасы зор. Жергілікті тұрғындардың мал ұстауға қызығушылығы артты. Халық сүтті қалаға тасымай, қабылдау пунктіне өткізеді. Он бес күн сайын жиналған қаржысын алып отырады. Қазір сүтті тапсырғандар айына 100 мың теңгедей пайда тауып, қаржыларын мал басын көбейтуге жұмсауда,-дейді Покатилов ауылдық округінің әкімі Лунара Сердалиева.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале