16.10.2019, 18:15
Оқылды: 88

Теректідегі қос ауылға таза ауыз су жетті

Теректі ауданының Жаңа өмір мен Ұзынкөл ауылдарына таза су келді.

terekti (2)

Ауданда ауыз су тартуға 1 564 млн. 650 мың теңге бөлінген. Биыл тұрғыны 6 мыңнан асатын 6 ауылды сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңартуға 1271,0 млн.теңге (126,077 шақырым) қаралған.

Құбырмен әр үйдің ауласына жеткізілген «Ақбұлақтың» рахатын көреміз деп қуанған ұзынкөлдіктерді құттықтаған аудан әкімі Әділ Жоламанов:

- Күні кеше өңірге жұмыс сапарымен келген Президент Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жылға дейін елді мекендерді таза ауыз сумен қамтуды 85% жеткізуді тапсырды. Біз бұл тапсырманы орындауға кірісіп те кеттік, - деп, жыл соңына дейін тағы да осындай 4 нысан іске қосылады деп қуантты.

terekti (1)

Құрылысқа қаралған 127 млн. 940 мың теңгені тиімді игерген сапалы жұмысы үшін мердігер «КазКурылысСервис» ЖШС ұжымына аудан басшысы өз атынан, халық атынан алғыс айтты.

terekti (3)

«Ақбұлақтың» игілігіне қол жеткізген Евгений Ковалёвтің шаңырағында қуанышына ортақтасқан ЖШС басшысының орынбасары Серік Сугралиев еңбек ардагеріне кір жуатын машина тарту етті.

Жаңа өмір ауылында ауыз су құбырына 790 үй қосылыпты.

Үміткер Орынғалиев

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале