21.10.2019, 13:03
Оқылды: 92

Теректідегі табиғат қорғау мекемесінің құрылғанына 38 жыл толды

Сулы-нулы өңірдің табиғатын қорғауда тыным таппайтын «Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау» жɵнiндегi мекемесінiң құрылғанына 38 жыл толды.

terekti (1)

Адамзатқа ең қажетті іспен айналысып жүрген еңбек ұжымының мерекесі ауданымыздың Ақжайық ауылдық округiнде аталып ɵттi.

terekti (3)Салтанатты жиында аудан әкімi Əдiл Жоламанов қатысып, баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар кɵзiн қорғаушыларды шын жүректен құттықтады.

 Мекеме жұмысының алға басуына атсалысқан қызметкерлер-Бекежан Сакбаев, Ботагɵз Абдуллина жəне Болат Сағынғалиев аудан басшысы Əдiл Тауфикұлының алғысхатымен марапатталды.

terekti (4)

 БҚО орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы орман жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бɵлiмiнiң басшысы Дəурен Ескабулов атаулы күнге жиналған барлық тұрғындарға сəттiлiк тiлеп, үздiк қызметкерлер Сағынгерей Кенжеғалиев, Ержан Есболатов, Қанат Төлепқалиевке алғысхат табыс етті.

terekti (5)

Орман және жануарлар дүниесін қорғауға зор үлес қосқан Ақтоты Таңатарова, Айгүл Қапезова, Болат Тоғжанов, Әсет Есмаков, Марат Кубашев БҚО әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауеновтың алғыс хатын иеленді.

БҚО əкiмдiгi табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу бақармасының «Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау жɵнiндегi» мемлекеттiк мекемесінiң директоры Қайрат Есенғалиев те əрiптестерiне шығармашылық табыс тiлеп, Нұрмұхан Жазыкбаев, Нұрбол Нығметов, Ольга Коволь, Ержан Абулхасимовке алғыс хат табыс етті. Осы мекеменiң ардагерi Ɵтеп Боранғалиев ізін басқан жас мамандарға ағалық ақыл-кеңесін айтты.

Оқушылар арасында күз мезгiлiне байланысты жасанды заттардан жасалған кɵрме сайысы ұйымдастырылған болатын. Сол сайыс жеңiмпаздарын БҚО əкiмдiгi табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу бақармасының «Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау жɵнiндегi» мемлекеттiк мекемесінiң директорының орынбасары Ернияз Майхарин марапаттады.

Теректі аудандық полиция бөліміне қарасты Ақжайық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры А.Абдрахманов Ақсоғым ауылдық округінде жоғалған адамды іздеп тапқан "Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау" жɵнiндегi мекемесінiң күзетшісі Қабыл Мақсотұлына ризашылығын білдіріп, марапаттады.

Құттықтаулар мен марапатқа толы шараны аудан ɵнерпаздары əсем əнмен әрлеп, кɵрерменнiң ыстық ықыласына бɵлендi.

Аягɵз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале