5.07.2018, 9:12
Оқылды: 46

Теректілік 100 оқушы Астанаға аттанды

Terekta AstanaАстананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында теректілік оқушылар жас қаланы көзбен көру мүмкіндігіне ие болды.


«Отанымыздың елордасы – Астанамен танысамыз» атты өлкетану экскурсиясына аудан бойынша 100 оқушы аттанып, үш күн бойы  ажары мен көркі келіскен, ғаламаты көз тойдырар Астана қаласында болады. Аудан әкімдігі қолға алған бұл саяхатты мемлекеттік сатып алу бойынша таңдалған мердігер «Reliabie-RS» ЖШС ұйымдастырады. Ұмытылмас саяхат үшін 3 млн. 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Елорданы мерекесімен құттықтауға аттанған оқушылар арасында көп балалы жанұядан, аз қамтылған отбасыдан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындар және жыл бойы сабақтарын үздік оқып, түрлі байқауларда топ жарған балалар бар. Олардың қауіпсіздігіне  аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері мен медицина қызметкерлері жауап береді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале