27.11.2017, 11:21
Оқылды: 27

Теректілік 200-ге жуық тұрғын «Бастау бизнес» жобасына қатысты

Теректі ауданында «Бастау бизнес» жобасының оқыту жұмыстары аяқталды.

2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру бойынша Теректі, Зеленов, Жаңақала, Казталов, Ақжайық аудандары қатысты.

Теректі ауданы бойынша 189 адам оқытылды. Оқыту жұмыстары 6 ағым бойынша жүргізілді.

Кеңес беру және құжаттар жинауға қатысты барлық мәселелерді Теректі аудандық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасын,  «Бастау Бизнес»  жобасының бизнес-жаттықтырушысы мен жоба үйлестірушісі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды.  Аталмыш жобаға келесі жылы қатысқысы келетін тұрғындар болса аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бөліміне жолығуларына болады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің көсегесі көгеріп келеді. Жыл өткен сайын осы мақсатқа бағытталған несие көлемі де артып отыр. Кезінде кішкене дүңгіршектен кәсібін бастағандар бүгінде өз ісін өркендетуге қол жеткізді. Мемлекеттің қолдауын теректілік кәсіпкерлер де айқын сезініп отырмыз дейді.

 Үміт Жәңгірова,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале