13.02.2019, 9:55
Оқылды: 66

Теректілік әкелер форумда бас қосты

Теректі аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қамқор әке - бақытты бала» тақырыбында аудандық әкелер форумы өтті.

 terekti (2)

Ең алдымен көрермен фойеде орналасқан суретші Қуандық Насихатұлының «Ақжайығым» атты көрмесін тамашалады. Кіші залда әр мектептен келген оқушылар әкелерімен бірге отбасылық дәстүрді насихаттады. Аңқатылық Ахметовтар отбасы – атбегілік өнер, Жаңабаевтар жанұясы (Федоров ауылы) – тоғызқұмалақ, Ғатауовтар («Үміт» лингвистикалық гимназиясы)  мен Сейтхановтар (Ұзынкөл) әулеті салған суреттері мен дипломдарын, Куснетденовтар (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп) мен Зинагабденовтар отбасы – қолөнер бұйымдарын көрсетті. Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы бастаған, облыстан келген қонақтар қостаған бір топ адам әке мен баланың үйлесімді жұмыстарына сүйсінді.

Тағылымы мол шарада аудандық білім беру бөлімінің басшысы, модератор Жанаргүл Хусаинова, аудан әкімі Әділ Жоламанов, суретші, композитор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры, доцент Қуандық Мәдір, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев әкенің қоғамдағы рөлін, мерейін арттыру, отбасы құндылығын насихаттау туралы пікірлерін айтты. Ақын-ардагер ұстаз, Қазақстан білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Дариға Мұштанова да жиында сөз сөйлеп, ұлдарды тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті. Жас ақын Айбек Әбілқалым әкелерге арнауын оқыды.

Содан соң аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы отбасы мен қызметінде өзгелерге үлгі болып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қамқор әкелер: Нұртас Таңатаров (4 бала тәрбиелеп отыр), Алтынбек Жұмағалиев (5 баланың әкесі), Ержан Иманғалиев (2 баласы оқу озаты), Аслан Алдонғаров (6 баланың әкесі), Ерлан Заров (5 бала тәрбиелеуде), Салауат Изделеев (5 баласы оқуда озат), Ерлан Молдахметов (7 баланың әкесі) және Ислям Досановты (6 бала тәрбиелеуде) марапаттады.

Аудандық әкелер форумына белсене қатысқаны үшін Ахметовтар, Гатауовтар, Жакиевтер, Сейтхановтар, Зинагабденовтер, Жаңабаевтар, Куснетденовтар, Туманбаевтар әулетері де алғысхат иеленді.

Әр білім ордасының шәкірттері әкелері туралы монолог оқып, шараға қатысушылардың жүректерін тебірентті.

terekti (3) terekti (4)

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале